Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді
Поддержать

Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді

Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметіне сәйкес, үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, әскери-техникалық салалардағы, АӨК, өнеркәсіптік кооперация мен денсаулық сақтаудағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы екі елдің су-энергетика саласындағы ынтымақтастығына, соның ішінде Сырдария, Шу және Талас трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын реттеу жөніндегі жедел шараларды бірлесіп қабылдауына жоғары баға берді. Қырғыз тарапының Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша су ағызуы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі шаруалардың су аз кезде суармалы суға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергені атап өтілді.

Келіссөз қорытындысы бойынша, Қырғыз Республикасына өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.