Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады
Поддержать

Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады

«Ақжол» партиясының депутаты Азамат Әбілдаев Әлихан Смайыловқа қаржылық қиындықтары бар қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы ұсыныспен сауал жолдады.

Қазіргі таңда 27 пайыз халық қарызға батқанын айтқан депутат банктердің адамдарға деген қарым-қатынасы өзгергенін жеткізді.

– Банктер мен МҚҰ несие беріп, халыққа көмектесіп жатқандай көрінеді. Бірақ ақшаны қайтарар кезінде түсіністік танытпайды. Олар өз аттарын таза ұстап қалу мақсатында, халықтың соңғы тиынын тартып алу үшін коллекторларды жұмсайды. Бүгінгі күні банктер жанашырлық, мейірімділік сияқты құндылықтардан ада болған және олар қарақшылардан да жаман. Соңғы ақшаны ұры да алмайды дейді ғой, ал банктер керісінше әлеуметтік көмек пен зейнетақыға да қол сұғады. Мұндай жағдай адамды соңғы қадам жасауға – суицидке баруға итермелейді, – дейді депутат.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.