Сауд Арабиясында рекордтық суық тіркелді
Поддержать

Сауд Арабиясында рекордтық суық тіркелді

Сауд Арабиясында 30 жыл суық ауа райының осы уақытқа дейінгі рекорды өзгерді.

Сауд Арабиясының ұлттық метеорология орталығы елдегі температураның рекордтық төмендеуін тіркеді.

Arabia Weather-дің мәліметіне сәйкес, соңғы 30 жылдағы ең төменгі температура, минус 6 градус патшалықтың солтүстігіндегі Турайф аймағында тіркелген. Эль-Кураят пен Арардың солтүстік аймақтарында да төмен температура тіркелді. Турайфтағы түнгі аяздар қалың қарға ұласқан.

Метеорология орталығының болжамы бойынша, аптаның соңына дейін елдің солтүстігінде өте суық ауа райы байқалады. Көп ұзамай салқындау Сауд Арабияның орталық және шығыс бөліктерінде де күтіледі.

Төмен температура Мединада — 9 градус, Меккеде — 11 градус және Эр-Риядта — 16 градус тіркелді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.