понедельник, 21 января 2019
Снег +1, Снег
USD/KZT: 378.66 EUR/KZT: 431.56 RUR/KZT: 5.7
Министр внутренних дел об убийстве инспектора «Охотзоопром» Центробанк Китая поддержал комбанки $84 миллиардами Улемы Таджикистана отнеслись с пониманием к вопросам «ниже пояса» Жомарт Ертаев пока «завис» в Москве Авторынок страны на позитиве Лейбористы требуют отставки британского премьера Прокуроры озвучили сроки обвиняемым в убийстве Дениса Тена Белорусы первыми запустили криптобиржу Членство США в НАТО зависит от настроения Трампа Тимошенко vs Порошенко Цифровизация услуг: министр доложил о том, что есть уже и будет вскоре Пашинян официально стал премьер-министром Армении Один из подсудимых сознался в убийстве Дениса Тена КНБ обезвредил группу подозреваемых в терроре Глава Белого дома превентивно «наехал» на Анкару из-за крудов Бывшему премьеру Кыргызстана инкриминируют ущерб почти на полтора миллиона долларов Вывезенных из Сирии казахстанцев не лишат гражданства В Сирии задержали радикалов, среди них есть казахстанец В России задержан подозреваемый Нарек Гурурян Небоевые потери: 82 тысячи погибших Пятый элемент: у узбеков теперь есть Экологическая партия Президент по эвакуированным из Сирии казахстанцам США и Китай готовят торговое замирение «Казахстанскую мечту» увидят три миллиона жителей Астаны В ООН приняли жалобу закрытого портала Ratel.kz

Қазақтың тойы бітпесін?!

Той-думан өткізудің маусымы қызып тұрған шақ қазір. Қарапайым қазақ қалтасы көтермейтін өмір үшін, жоспарлаудың жоқтығы мен әлеуметтік «бәсекеге қабілеттілігін» көрсету үшін ақпараттық қарудың қай бір түрін қолдануға әзір болуы әдеттегі дүние. Бірақ барлығы бірдей (сондай) деп айтуға бола ма?

Бір күні менің группаласым, батыстың қызы болатын, Алматыда оқуға бөлінген әкім грантына ие болып, оны өз тойына жұмсамақ болды. Айтуынша, миллион екі жүз мың теңге той көйлегі мен ресторанға беретін кепілақыға жеткен сияқты. Ата-анасының қарызға батқанын көріп, шығынның жарты суммасын өз мойнына алмақшы болады.

Дүркіретіп той өткізіледі. Бір жылдан соң, қыз жүкті болып, ал жігіт жауапсыздық танытып, қалыңдықты қарызымен бірге тастап кете барады.

Осыған ұқсас оқиғалар өте көп, жүкке тиелген жасаулар бұдан да көп. Тұрмыстық жанрдың отандық классикасы деуге  болады. Сюжеті де аса күрделі емес. Жастар,сезім, неке қию, баласына деген риясыз махаббатан ата- ананың бар мүмкіндігін салып  «басқалардан кем өтпесін» деген көзқараста той жасауы. Соған сай жастар бар қиындыққа төзе алса жақсы ғой, алайда статистикаға сүйенсек, Қазақстан бойынша ажырасқан жас отбасылар саны жылдан жылға артуда.

Сондай-ақ, басқа да ресми ақпараттық оң өзгерістер бар. Казнеттен үлгі боларлық жаңа бір дүниені көруге болады. Елбасымыздың аттасы, семейлік Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сүйіктісі Алтынай Иса басты саяси ақсақалдың кеңесін тыңдауды жөн санады. Дүбірлі тойдың орнына жетім балаларға арнап кішігірім мереке ұйымдастырды. Жас жұбайлардың бұл шешімі желіде талқыланып жатты, арасында тұрмыстан баз кешкен қазақстандықтар табылып, бұл әрекетті елге жақсы көрінудің амалы деп топшылады.

Мемлекет басшысы, өткен көктемдегідей, азаматтарды бүгіні мен келешегін тиянақты түрде жоспарлауға, қаражаттарына сай өмір сүруге шақырды. «Шымкентте 200-500 адамдық тойханалар салынған, әлі де салынып жатыр. Бұл ақшаны жастардың баспаналы болуына жұмсау керек. Ең жақсы сыйлық осы.», – деді Назарбаев. Негізі дұрыс дүние, ал шын мәнісінде шындыққа кереғар.

Мемлекеттің мұндай популистік тұрғыда араласуы әдетте ешбір жақсы нәтиже бермейді. Кеңес дәуіріндегі алкогольсіз өтетін тойларды еске алып көрейік. Ойын-сауықтың көкесі еді. Арақ-шараптың бюджетке түсіретін пайыздық мөлшерін айтсаңызшы, тіптен керемет. Ғалымдардың айтуынша, 30 жыл бұрын арақтың арқасында мемлекеттің қазынаның оннан бірі толыққан. Қысқаша қорытындыласақ, бірнеше жылдан кейін КСРО әлем картасынан жоғалса да, ал арақ-шарап мерекелік отырыстар мен тойларда әлі бар.

Немесе заманауи өзбек тәжірибесін алып қарайық. Шавкат Мирзиеев капиталды табыстың деңгейі мен мүліктік жіктелуге наразылық білдіру арқылы әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақсыздануына қарсы шығып жүр. Бұған ойын ережелерін заңдастырудың бірнеше түрін жатқызуға болады: тойдың бағасы, меретейдың басталу/аяқталу уақыты, кім не билеп, қандай ән айтуы керек. Өзбекстанның сенат парламентінің барлығы дерлік комиссия тағайындау үстінде. Әдеттегі той дегеніңіз- отбасылық үлгілі бас қосу. Комиссияның міндеті – «жаман атқа қалдыратын, салт-дәстүрді ұстанбайтын, ысырапшылдыққа алып келетін әрекеттерді халықтық талқыға салу».

Қазақстандық шенеуніктер мен кәсіпкерлер «қарапайымдылық» курсын ресми түрде қолдағанымен, шындығында есте қаларлықтай етіп той жасағысы келеді.

Бұл құбылыс қарапайым халықтың арасында да байқалады. Табатын табыс көзіне сәйкес келмейтін шығындармен өмір сүру (ұлттық) әдетке айналып бара жатыр деген түсінік бар, және дәл осы себептен Қазақстан қайтарылмайтын несие бойынша әлем чемпионы атанып отыр.

Психолог Айгүл Садыкованың айтуынша, барлық мәселе қазақтың рулық, ұжымдық болып сипатталатын менталитетінде жатыр.

– Өзінің нақты кім екенін көріп білу үшін адамға кері байланыс қажет. Қазақтар көбінесе туыстары мен өзін қоршаған ортадан мақұлдау тапқанды ұнатады. Мысалы, жұмыста. Американың индивидуалдық психолгоиясымен салыстырғанда, қазақ – ұжымның адамы, бірінші кезекте отбасы  мен рудың мүшесі. Сол үшін де, ұжымдық ортаның (туыстар, жерлестер, қызметтестер) алдында бізді жақсы қылып көрсететін не?  Ол – қонақжайлылық, мейірімділік, туыстар мен руластарға көмектесу. Және бұл жерде «ұяттың» да алар орны ерекше. Бұл қазақтың «қорқынышы, үрейі». Ешқашан, ешбір жерде ұятқа қалмау керек.

Ерте жастан баланы тәртіпті, ақылды, ата-анасы мен мектеп үшін көнбіс болуға үйретеді, және барлығы жұрттыкіндей болу керек, бірінші кезекте –сырт келбеті.

Ал адам есейгенде дәл осы сенім мен тәрбие оған негіз болады. Сондықтан, өмірін «керемет картинаға» айналдыру үшін несие алып, қарызға бату қажет болса, барлығын жасайды.

Менің тәжірибемде көп еститін дүние – ата-анасының жұрттың баласымен салыстыруы, өте сирек немесе мүлдем мақтау сөз естімеу, ал егер жақсы нәрсе жасаса – оны жай қалыпты дүние деп қабылдау. Мұндай қарым-қатынастың соңы жағымсыз күйзеліске алып келеді. Сол себепті де, басқалардан жақсы болу, артық болу әдеті қалыптасқан. Есейген шақта аталған жағымсыз күйзеліске тап болмас үшін, белгілі бір той, мерейтойды елдің есінде қалатындай өткізу, өзгелердің қызғанышын тудыру сияқты әрекеттер пайда болады.

Қазақтың салтында той жасау, белгілі бір қуанышты атап өту бағзы заманнан бері қалыптасқан. Бірақ қазіргі таңда сол салт-дәстүрді сақтаймыз деп, шынайы жағдайымызды ұмытқандаймыз. Отбасылық шығынсыз несиені өтеуге барлығының шамасы келе бермейді. Мысалы, пәтер немесе көлікті кепілдікке қойған жағдайда. Жоғары деңгейде той жасай алмай, ұятқа қалғанша осылай мүлкімізден айырылуды дұрыс деп білетін күйге түскен кейбір отбасылар. Жалпы алғанда, қазақ тойдың түпкі негізгі идеясын сынға алмайды, олай болған емес, сірә, болмайды да.

Саясаттанушы Айдос Сарым да тойға жиі барады. Және салтаннаты түрде өткізілетін той дәстүрін әлеуметтік-мәдени институт және ұлт ынтамағының жанама белгісі деп санайды.

Бүгінгі таңда жастар мәдени саясатты өз қолдарына алып, тойды қарапайым өткізуге тырысады. Бір жағынан, баласы үшін барлығын жасауға дайын тұратын ата-ананы түсінуге болады. Халықтың тойға шығындайтын қаржысын бақылау мүмкін емес, бірақ жеке өз ысырапшылдыққа қарсымын.

Тойды қарапайым етіп өткізу керек деген шенеуніктердің ұсынысын халықтың жағдайымен санаспау  деп санаймын. Билік өзінен бастау керек: шенеуніктердің тойын көріп халық арасында әлеуметтік наразылық туындайды, биліктің жемқорлықпен күрес туралы мәлімдемесін шындап қабылдамайды,- дейді Айдос Сарым.

Шоумен Данеш Аскарбек – қазақ той индустриясының өкілі. Оның кәсіби зерттеуі мынадай:

– Той өткізу үшін халық өте көп мөлшерде қаржы жұмсайды деген негізсіз тұжырым. Дағдарыс салдары білінуде, адамдар үнемшіл және ақшаны ұтымды пайдалану жолдарын қарастырады. Бұрындары жанды дауыста ән айтатын топтарға сұраныс жоғары болса, қазір төмендеген. Ондай үдеріс шоу-программаларда да байқалады. Адамдар көп қаражат жұмсамайды, бірақ соған қарамастан салт-дәстүрдің дұрыс орындалуын сақтайды.

Менің тұрақты клиентім бар, табысты кәсіпкер. Екі жыл бұрын ұлына арнап үлкен той жасаған, осы жылы қызының тойын ұйымдастырдық. Той әдеттегіден қарапайым өтті, себебін білгім келіп, сұрадым. Клиентімнің түсіндіруінше, дағдарыс кезінде қаржыны оңды-солды жұмсау дұрыс емес, кез-келген отбасылық мейрамды қажетсіз шығынсыз-ақ өткізуге болады дейді. Мұндай тенденция да байқалуда. Жонглер, батырлар мен бишілер өнер көрсететін10 минуттық шоу үшін 500 доллар немесе одан жоғары төлеуге әзір ауқатты адамдар да болады. Той өткізу – бірнеше жұмыс орнын қамтитынын индустрия ескерген жөн. Бұл жерде экономика мен шығынды өмір өзі реттеп отырады.

Қазақ той индустриясындағы тенденциялардың түрлілігін есептеу мүмкін емес. Ол үшін нарық көлемін, онымен жалғасқан салаларды түсіну қажет. Бұл дегеніңіз кәсіби экономистің өзіне ауыр, өйткені ешбір зерттеу, әлеуметтану, басқа да жүйеленген деректер жоқ.

Халық жақсы той үшін, қызық үшін өз қаражатын аямайды деуге болады. Бесененден белгілі. Жаңа заманда қазаққа қуаныш сыйлайтын дүние аз, ал уайымға салатындары жетіп артылады. Экономика болашағы бұлыңғыр болса да, қазақтың тойы кез-келген кризисті жеңетін сияқты.

 

Перевод: Кульпаш Шынбат

Бахытжан Шинтимирова
Оставить комментарий

Общество

Сетевые БАЙТЕ'речи Сетевые БАЙТЕ'речи
Редакция Exclusive
07.12.2018 - 21:06|1 084|
Стейки vs экология Стейки vs экология
Редакция Exclusive
07.12.2018 - 15:28|467
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33