пятница, 21 января 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Глава МИД рассказал о январских событиях на заседании в ОБСЕ Казахстанцы могут сообщать о завышенных ценах на продукты - эксперты Колебания в нефти привели к снижению тенге Тоқаев: Еліміздегі білім жүйесін өзгерткім келеді Айдос Сарым: Решение Европейского Парламента является элементом политической игры Страховые компании Казахстана упростили рассмотрение страховых случаев О чем говорил Токаев на встрече с бизнесменами? Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды - Тоқаев АО «Ак Алтыналмас» повышает заработные платы сотрудникам Кенес Ракишев и Асель Тасмагамбетова перечислят Т1 млрд в фонд «Қазақстан халқына» Генпрокуратура опубликовала номера дежурных прокуроров для жалоб казахстанцев Открыт прием заявок для бизнесменов Казахстана на возмещение ущерба - НПП «Росатом» Қырғызстанда АЭС салады МИД отреагировал на заявление Европарламента с критикой в адрес властей Казахстана Франция Әблязовқа тағылған айыпты алып тастауға шақырды Европарламент призвал расследовать события в Казахстане и ввести санкции Юристы Казахстана выдвинули требования президенту Токаеву Известный марафонец выиграл иск по делу о «защите чести и достоинства» первого президента Казахстана Европарламент призвал к международному расследованию событий в Казахстане, призывая наказать чиновников Активисты группы #НЕТУТИЛЬСБОРУ требуют проверки на наличие коррупционной составляющей АО «Жасыл Даму» Сауд Арабиясында рекордтық суық тіркелді Скончался Толеубек Аралбай - заслуженный артист Казахстана Мәсімовтың туысы лауазымды қызметінен босатылды В Алматы полицейские обнаружили тайные захоронения боевиков В Казахстане приходится всего 38 военных на 10000 человек

Украина сабақтары

U Соңғы күндерде Украинадағы қақтығыстар мен қантөгіс кімді де бей-жай қалдырмайтыны, қынжылтатыны анық. Әсіресе осындай нәубет Қазаққа жақын, тағдырлас Украин халқы жайында болып отырғанда. Қантөгістің тез арада тоқтатылып, қордаланған түйткілдердің тек бейбіт жолмен шешілуін, бұл үрдіске арам пиғылды шетелдік күштердің қол сұқпауын, әлбетте, бәріміз тілейміз. Алайда көрші мемлекетте орын алған қасіретті оқиғалардан өзіміз, Қазақ елі болып, түйетін дүниелерге де назар аударған абзал. Украинадағы бүгінгі жанжал осыдан шамамен үш ай бұрын басталғаны белгілі. Басты себеп – Еуропамен интеграцияны, яғни жақындасу үрдісін тоқтатқан Президент Виктор Януковичтің саясатына наразылық. Демек, ереуілшілер әу баста Президент орнынан кетсін, Парламент таратылсын немесе жаңа Конституция қабылдансын деген талаптарды көтерген жоқ. Олардың алға тартқаны тек өз мемлекетінің еуропалық құндылықтыр негізінде дамуын қамтамасыз етумен шектелді. Десе де халқының осындай ой-пікірін елеп, онымен санасудың орнына Янукович оларды айыптай жөнелді, "Батыстың жансыздарыг", "алқаштар мен бұзақылар" деп айып тақты, сес көрсетті. Майдандағы азаматтар тарамаған соң оларға қарсы күш қолданды. Осылайша алғашқы қан төгілді. Қарапайым дүниелерден бастау алған теке-тірес барған сайын өршелене түсті. Ұқсас жағдайлар содан кейін де сан мәрте қайталанды – билік бір жағынан келіссөздер өткізсе, екінші жағынан қарсы жақты алдап кетуге, оның белсенділеріне арандату мен қастандық ұйымдастырып, түрмеге жабуға тырысып бақты. Ақыры үлкен қантөгіске әкелді. Олай болса, мінсіз ел болмайды, қандай да түйткіл туындағанда, билік оны басып-жаншымау қажет. Халқының тыныс-тіршілігін жіті қадағалап, санасуы шарт. Созбалай бергеннен, сес көрсетумен ондайлар өзімен-өзі тарқатылады деп санау зор ағаттық. Алысқа бармай, Жаңаөзендегі қантөгісті еске алса жеткілікті. Жеті ай бойында реттелмеген қатардағы жұмыс дауы, шенеуніктердің немқұрайлығы түбінде немен аяқталғаны баршаға аян. Украинадағы жанжалдың астарында шет мемлекеттердің ықпалы да жоқ емес. Негізінен сөз болып отырғаны бұрынғы Кеңес үкіметінің өзбыр саясатынан арылмаған Ресей. Украин халқы Еуропаға енуге ұмтылса да, оның бұл арман-мұратымен ресейлік президент Владимир Путин еш санасқысы жоқ. Керісінше, Украинаны өзінің қарамағындағы Кедендік одаққа апарып тыққысы келді. Сол мақсатпен бауырлас елге қаншама саяси қысым жасады, экономикалық құрсауға алуға тырысты, өзіне тәуелді қуыршақ саясаткер Виктор Януковичті өз халқының мүддесіне қайша шешімдерді қабылдауға мәжбүрледі. Сондағы есіл-дерті – ТМД мемлекеттерімен тең және адал ынтымақтастық құру емес, келмеске кеткен өктем кеңес заманын, Кремль жетекшілік еткен "халықтар түрмесін" қайта тірілту. Бүгінде украиндар, әзірбайжандар, өзбектер, грузиндер, ТМД-ның басқа ұлттары бұл қауіп-қатерді жақсы аңғарып отыр және Кедендік болсын, Еурозиялық болсын одақтардан үзілді-кесілді бас тартуда. Егемендігін, Тәуелсіздігін сақтаймын десе, ұрпағына дербес те азат мемлекеттi қалдырамын десе, Қазақ та осыған үлкен мән бергені жөн. Келесі мәселе - ақпараттық саясат. Неліктен біздің ақпарат кеңісітігі жалғыз ғана мемлекет - Ресейге тұйықталып қалған? Нәтижесін көріп отырмыз – азаматтарымыздың Украинадағы жағдайды бөтен елдің көзқарасымен қабылдауы былай тұрсын, жиі Қазақстаннан гөрі бүйрегі Ресейге бұрылып тұрады. Сұмдық емес пе? Не деген таусылмайтын құлдық сана-сезім? КИЕВ 1-1Бұндай жағдай әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ және ұлттық құндылықтар мен арман-мұраттарына, елдің қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіреді. Әдетте, осындайда лауазымды орындар “сынай бергенше, нақты ұсыныс жасаңдаршы” дегенді жиі алға тартады. Ендеше нақты ұсыныс Кабелді тележүйелерде отандық арналарды дамытумен, қазақ тілінің аясын кеңейтумен қатар шетелдік телеарналардын үлесін шектеп, бір жүйеге келтіру. Оның ішінде орыс тілінде ретрансляцияланатын салалы арнарады (Discovery, Animal, TV1000, Sport, History, т.б.) толықтай қазақ тіліне аудару. Екіншіден, оннан аса ресейлік арналардан, айталық, РТР-ды ғана қалдыру. Босаған орындарға Қырғыз, Өзбек, Түрік, Әзірбайжан, Шынжан қазақтары, Қытай, Украина, Грузия секілді достас мемлекеттердің ұлттық арналарын қою. Қазақ көрермені тек Ресейге не орыс тіліне байланып қалмауы, ал демократиялық мемлекетте әр азаматтың өз таңдауы болғаны абзал – бұл оның конституциялық хақы. Осы күндері Киев, Харьков, Львов, Украинаның басқа қалаларында орын алған қақтығыстар оққа ұшып жараланып, қырылып жатқандар қарапайым азаматтар. Тіпті жазықсыз құрбандар арасында шал-кемпірлер, балалар, әйелдер де көптеп табылады. Алайда осы қантөгіске алып келген, оған кінәлі бірде-бір саясаткер жоқ. Януковичтің өзі тасада тұрып, туған халқына қарсы сол халықтың тумалары болып табылатын, көбіне оңы мен солын айыра алмайтын жас сарбаздарды қарсы қойып отыр. Бауыр бауырын өлтіріп жатыр. Олай болса, Украинадағы оқиғалардан ең басты түйетініміз - мейли жер аударылып кетсін, Қазақ баласы біріне-бірі қарсы шықпауы, оқ атпауы, қандасының қанын төкпеуі керек. Құрығыр ақша, дәулет, шен мен атақ бәрі бос. Адамгершілік пен мемлекетшілдік, бауырластық пен ынтымақ - осы керегі бізге. Осыны әр қазақтың бойына дарытуымыз қажет. Расул Жұмалы
Оставить комментарий

Антресоли

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33