четверг, 09 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
В столице провакцинировано 65 процентов жителей Комитет ООН признал нарушение прав Шарипа Куракбаева Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады Тенге продолжает восстановление PTC CARGO стал оператором первого регулярного поезда из Китая в Грузию Қазақстан тауар биржаларына қойылатын талаптарды арттырады В Казахстане могут объявить в розыск активиста Серикжана Билаша Ни хлеба, ни зрелищ: творческие люди в Казахстане не в цене Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды Сотрудников министерства культуры Узбекистана обязали носить дуппи на работе Алексей Цой: «Вакцинация 70% населения позволит снизить пандемию до уровня сезонных заболеваний» Что стоит за выкупом акций Народного банка? Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды На фоне роста депозитной базы вклады  в Jusan Bank, Bank RBK и Нурбанке снижаются Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді Коммунистическое прошлое не позволило Сауле Омаровой занять престижную должность в США Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды 9-летняя астанчанка стала чемпионом мира по джиу-джитсу Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды Многодетная семья из Караганды получила 122 тенге соцпомощи На нефтяной рынок поступили «бычьи» сигналы Фонд Батырхана Шукенова выпустил пластинку «Отан Ана» Токаев обещает построить четыре трансграничных хаба Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады Фонд Динары Кулибаевой выделит Т520 млн на продукты для 20 тысяч семей

Дәрігерді жауапқа тарту проблеманы шеше ме?

Ендігі жерде егер дәрігердің қателігінен науқастың денсаулығына зарар келсе немесе ажал құшса, онда ол үшін дәрігер жауапқа тартылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында айтты.

Министр  науқастың мүддесін қорғап, ақ халаттылардың құқығын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа реформаны тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде дауды сотқа дейін жеткізбей, медиация тəртібімен реттеуге мүмкіндік береді.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер де қателеседі. Мәселен, АҚШ-та дәрігердің қалт кетуі 25 процентке дейін тіркеледі. Егер біз әрбір маманды жазалап, соттайтын болсақ, онда елде медициналық қызметкер қалмайды. Егер жұмысына немқұрайлы қарап немесе науқасқа әдейі зиян келтірсе, онда қатаң жауапқа тарту керек. Абайсызда болса, сақтандыру арқылы өтеуге мүмкіндік беріледі. Алайда дәрігер міндетті түрде қайта дайындықтан өтіп, біліктілігін арттыруы тиіс, содан кейін ғана ол жұмысқа кірісе алады. Мұндай әдіс дамыған елдерде қолданылады. Сонымен қатар бірде-бір дәрігер операция бөлмесіне сақтандырусыз кірмейді", – деді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министрдің бұл сөзімен келіспейтін дәрігерлер де жоқ емес. Мысалы, аты-жөнін өзгертіп беруді өтінген алматылық хирург-дәрігер Алмас Сақыпұлы: «Дұрыс та шығар, екі тарапты жауапкершілікке шақыру үшін. Алайда дәрігер де – пенде. Алдындағы науқастың өте күрделі организмінің сырын дөп басып, емін дұрыс қоя алмауы әбден мүмкін. Мысалы, сіздің ағзаңыз антибиотикті еркін қабылдайды. Ал келесі бір науқастың ағзасы бастапқыда қабылдаған антибиотикке уақыт өте келе, күтпеген жерден қарсылық танытуы мүмкін ғой. Осындай жағдайда дәрігерді кінәлауға бола ма? Меніңше, кез келген дәрігер науқасын емдегісі келеді. Нақақтан нақақ науқасын өлтіруге ұмтылатын дәрігердің болуы мүмкін емес деп санаймын. Сондықтан науқастың шағымы бар екен деп жаппай дәрігерлеріміз жауапқа тартылып кете ме деген қаупім де жоқ емес»,- дейді.

Ал дәрігердің біліксіздігінен жапа шеккен Дінмұхамед Бекталы: «Өте дұрыс! Әрбір дәрігер қатаң біліктілік сынағын тапсырып, тексерілуге тиіс. Белімдегі грыжаны ота жасап алдыртамын деп, денсаулығыма аса ауыр нұқсан келді. Белдегі грыжа алынды дегенімен, күні бүгінге дейін ауруымнан айықпадым. Қазір екінші топтағы мүгедекпін. Егер дәрігер отаны сауатты жасағанда, бұлай болмас еді деп өкінемін. Ал дәрігерді жауапқа тарту өте қиын. Дәлелдеу қиын. Өйткені ішкі органдарыңды көзіңмен көре алмайсың. Ағзаңның әрбір қызметі туралы хабарың да жоқ. Сондайда дәрігерге не деп кінә артасың? Дәрігер кез келген өз саласына қатысты жауабын алға тартады емес пе?»,- дейді.

Министрдің жоғарыда айтқан сөзінен кейін дәрігер кінәлі деп шағымданушылар саны артып кетпей ме деген қауіп те жоқ емес. Қазір екінің бірі қит етсе, шағымдануға әзір тұратыны белгілі. Десек те, өз ісіне салғырт қарайтын сауатсыз дәрігерлердің алдына келген науқасын кейде мүгедек етіп, ал кейде тіпті ажал құшағына беріп жататын жағдай да өте көп. Науқас пен дәрігер арасындағы жауапкершілік тепе-теңдігі сақталуға тиіс. Ал ол үшін министрдің бір ауыз сөзі аздық ететін сияқты.

Меруерт ХУСАИНОВА.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33