Арон Атабектің халі нашарлап кетті
Поддержать

Арон Атабектің халі нашарлап кетті

Жуырда түрме жазасы жеңілдетіліп, үйіне жіберілген диссидент ақын Арон Атабектің жағдайы өте ауыр. Бұған дейін туыстары коронавирус пневмониясына шалдыққан Атабектің реанимацияға түскенін айтқан, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

– Сатурациясы азайды. Реанимацияда жатыр. Жағдайы өте ауыр. Кеше дәрігерлер келіп, жиналыс өткізді, бірақ палатадан шығармады. Біз оны палатаға шығарып қалар деп үміттенгенбіз. Бірде есі бар, бірде есі жоқ. Сөйлей алмайды. Мен бүгін барайын деп ойлағанмын, бірақ дәрігерлер бәрібір келсеңіз де, сізді ол жаққа кіргізбейді, – деді Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева.

Бостандыққа шыққаннан кейін туыстары Арон Атабектің халі нашарлап Алматыдағы ауруханаға жеткізілгенін, бірақ оның ауруханаға жатудан бас тартқанын хабарлаған. Ол осыған дейін пробация бақылауында болған кезде тұратын мекені ретінде белгіленген Алматыдағы қарындасының үйінде тұрған.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.