Дос Көшім: Тоқаевтың Мирзиёевты алдын ала құттықтауы «саяси мәдениетсіздікке» жатады
Поддержать

Дос Көшім: Тоқаевтың Мирзиёевты алдын ала құттықтауы «саяси мәдениетсіздікке» жатады

Өзбекстанда президент сайлауы өтті. Алдын ала нәтиже бойынша Шавкат Мирзиёев айқын басымдылықпен жеңіске жеткен. Ол туралы Orda.kz хабарлайды.

Бірақ ешқандай ресми дерек айтылмады, десе де Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатардың алды болып оны қайта сайлануымен құттықтап үлгерді. Ең алғашқылардың қатарында құттықтау саясат ішіндегі бәсеке ме, әлде бұл жақындасу тактикасы ма.

Сұрақтың жауабын алу үшін тілші саясаткер Дос Көшімге хабарласып көріпті.

«Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды» делінген Ақорда жариялаған ақпаратта.

Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, ресми мәлімдеме шыққанға дейін өзге ел президентін құттықтау «саяси мәдениетсіздік».

— Шындығында ресми нәтиже шыққанға дейін құттықтау саяси мәдениетсіздікке жатады. Негізінен ерте құттықтау сол президентке жақынырақ екенін көрсету. Кеңестің кезінен қалған, авторитарлық режимдегі адамдар осылай бір-бірін құттықтап жатады. Дегенмен де экзит пул нәтижесінен кейін емес ресми мәлімдеме жасалған соң құттықтау керек, – дейді Дос Көшім.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Шавкат Мирзиеев 80,1% дауыс жинап, Өзбекстан президенті болып сайланды. Сайлаушылардың келуі 80,8%-ды құрады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.