четверг, 09 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
В столице провакцинировано 65 процентов жителей Комитет ООН признал нарушение прав Шарипа Куракбаева Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады Тенге продолжает восстановление PTC CARGO стал оператором первого регулярного поезда из Китая в Грузию Қазақстан тауар биржаларына қойылатын талаптарды арттырады В Казахстане могут объявить в розыск активиста Серикжана Билаша Ни хлеба, ни зрелищ: творческие люди в Казахстане не в цене Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды Сотрудников министерства культуры Узбекистана обязали носить дуппи на работе Алексей Цой: «Вакцинация 70% населения позволит снизить пандемию до уровня сезонных заболеваний» Что стоит за выкупом акций Народного банка? Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды На фоне роста депозитной базы вклады  в Jusan Bank, Bank RBK и Нурбанке снижаются Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді Коммунистическое прошлое не позволило Сауле Омаровой занять престижную должность в США Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды 9-летняя астанчанка стала чемпионом мира по джиу-джитсу Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды Многодетная семья из Караганды получила 122 тенге соцпомощи На нефтяной рынок поступили «бычьи» сигналы Фонд Батырхана Шукенова выпустил пластинку «Отан Ана» Токаев обещает построить четыре трансграничных хаба Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады Фонд Динары Кулибаевой выделит Т520 млн на продукты для 20 тысяч семей

Ең аз жалақы алатын қызметкерлер кім?

Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов үкіметтен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын қайта қарауды сұрады. Оның айтуынша, бұл республикадағы ең төменгі жалақы. Осы және өзге де тармақтармен ол Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Абақанов Қазақстанның орманы аз мемлекеттерге жататынын еске салды.

- Өкінішке орай, бұл шара орман шаруашылығындағы қалыптасқан біртұтас ғылыми-техникалық саясат пен орман шаруашылығын жүргізудің қалыптасқан жүйесінің бұзылуына әкелді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның орман шаруашылығы кәсіпорындарын берудегі мақсаттарының бірі орман шаруашылығын облыстық бюджеттерден қаржыландыру арқылы республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту болды. Бірақ бұл шара нәтиже бермеді, өйткені осы уақытқа дейін еліміздің орман шаруашылығы мекемелері жалпы сипаттағы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылады, - деп атап өтті депутат.

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары да жағдайды сараптап, республика орман шаруашылығының жай-күйінде айтарлықтай жаңалық жоқ деген қорытындыға келді.

- Бүгінгі таңда орман күзетшілерінің саны мен орман шаруашылығы кәсіпорындарының материалдық-техникалық жарақталуы бұрынғы деңгейде қалды және бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейді. Орманшылардың жалақысы республикадағы ең төменгі деңгейде қалып отыр. Орман шаруашылығы мекемелері қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін бағалау мамандандырылған білімі бар мамандардың саны небәрі 33 пайызды құрайтынын көрсетеді, оның ішінде жоғары білімі барлар – 10 пайыз, орта білімі барлар – 23 пайызды құрайды, - деді депутат.

Сонымен қатар, әкімдіктер орман шаруашылығын жабдықтаудағы жағдайды әлі түзеген жоқ. Оның пікірінше, Үкімет облыс әкімдіктеріне берілген орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 124 мемлекеттік мекемені Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығына қайтаруы керек. Сондай-ақ орман ресурстарын пайдаланудың ресурстық-шикiзаттық принципiнен экологиялық-экономикалық принципке көшу негiзiнде экологиялық орман шаруашылығын қалыптастыруды ескере отырып, орман саясатын қайта қарау қажет.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33