четверг, 09 декабря 2021
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
В столице провакцинировано 65 процентов жителей Комитет ООН признал нарушение прав Шарипа Куракбаева Депутат кредиттік амнистия жариялау туралы ұсыныс жасады Тенге продолжает восстановление PTC CARGO стал оператором первого регулярного поезда из Китая в Грузию Қазақстан тауар биржаларына қойылатын талаптарды арттырады В Казахстане могут объявить в розыск активиста Серикжана Билаша Ни хлеба, ни зрелищ: творческие люди в Казахстане не в цене Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды Сотрудников министерства культуры Узбекистана обязали носить дуппи на работе Алексей Цой: «Вакцинация 70% населения позволит снизить пандемию до уровня сезонных заболеваний» Что стоит за выкупом акций Народного банка? Ұлттық санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны аталды На фоне роста депозитной базы вклады  в Jusan Bank, Bank RBK и Нурбанке снижаются Қазақстан Қырғыз Республикасына әскери-техникалық көмек көрсетеді Коммунистическое прошлое не позволило Сауле Омаровой занять престижную должность в США Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды 9-летняя астанчанка стала чемпионом мира по джиу-джитсу Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды Многодетная семья из Караганды получила 122 тенге соцпомощи На нефтяной рынок поступили «бычьи» сигналы Фонд Батырхана Шукенова выпустил пластинку «Отан Ана» Токаев обещает построить четыре трансграничных хаба Павлодар облысында 70 млрд теңгеге өндіріс орны ашылады Фонд Динары Кулибаевой выделит Т520 млн на продукты для 20 тысяч семей

Министр елдегі интернет сапасын қалай жақсартатынын айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digit EL ұлттық жобасын таныстырды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

- Мемлекеттік бағдарламаның соңына дейін біз 100% жоғары сапалы интернетке қол жеткізуіміз керек. Қалада 10 Мбит/с, ауылда 5 Мбит/с. Біз сапа параметрлерін орнаттық, бұрын мұндай болмаған. Мысалы, халықтың 99 пайызы 3G немесе 4G желісімен қамтылғанын айттық. Бірақ ешқашан сапа параметрлері жарияланған жоқ. Біз талдауды бастағанда, 3G белгісінің бар-жоғына емес, интернет бар ма, жоқ па деген мәселеге назар аудардық, – деді министр.

Ол Қазақстанда 617 ауыл бар екенін, ауылдық жерде интернетке қосылу қиын екенін айтты. Мусин екі компаниямен келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді. Олардың бірі SpaceX. Сондай-ақ, елдегі интернет сапасын қалай жақсартатынын айтты.

- Қазақстан территориясы көп жағдайда ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Премьер-министрмен бірге ауылшаруашылық фермаларын аралағанымызда барлығында бір сұрақ болды – инфрақұрылымды қамтамасыз ету және қандай қосымшалар мен технологияларды қолдану. Бірақ қазір инфрақұрылымды дамытпай, технологияларға көшуді талап ету дұрыс емес. Сондықтан біз еліміздің ауылдық аумақтарының 15,7 пайызын сапалы интернетпен қамтамасыз етеміз, – деп түсіндірді Бағдат Мусин.

27 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі интернет пен байланыс сапасына көңілі толмайтынын білдірді. Осыған байланысты ол үкіметке әкімшілік құрамды заңнамалық тұрғыдан реттеуді және мұндай заңбұзушылықтар үшін жазалауды тапсырды.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33