Ресейде соңғы тәулікте 41 мың адамнан коронавирус анықталды
Поддержать

Ресейде соңғы тәулікте 41 мың адамнан коронавирус анықталды

Ресейде соңғы тәулікте 41 мың адам коронавирус жұқтырған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазір жергілікті билік пандемияның бесінші кезеңін жариялады. Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 8,5 млн-ға дейін жетті.

Бұл туралы exclusive.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

240 мың адам осы коронавирустың құрбаны болды. Мәскеуде енгізілген қатаң шектеу шараларының салдарынан шаһардағы барлық өндірістік орындар жабық. Қызмет көрсету салалары мен азық-түлік дүкендерінен басқа өзге сауда орындары да жұмысын тоқтатты.

Мамандардың нұсқаулығын елемей локдаунды айналып өткісі келгендер Египет, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдерге саяхаттай бастады. Ал Ресейде тәуліктік науқас саны мен өлім-жітім көрсеткіші күн өткен сайын артып барады. Дәрігерлер ауыр халде жатқандардың арасында балалар да бар екенін айтады.

– Коронавирус инфекциясының ішек ауруы жиі кездесе бастады. Вирус негізінен балаларға ересектерден жұғады. Сондықтан міндетті түрде вакцина салдыру керек. Жергілікті билік эпидемиологиялық ахуалдың ушығуын елдегі вакцинация қарқынының төмендігімен байланыстырып отыр. Ал мамандар жақын арада жағдай оңалмаса локдаунның мерзімі әлі де артуы мүмкін дейді, – деді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.