Джо Байден Путин мен Си Цзинпиннің қатты қателескенін айтты
Поддержать

Джо Байден Путин мен Си Цзинпиннің қатты қателескенін айтты

Глазгода халықаралық экологиялық саммит өтті. Әлем көшбасшылары қатысқан саммитке Ресей мен Қытай басшылары келген жоқ.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Байденнің айтуынша, Путин мен Си Цзинпиннің бұл әрекеті қателік. Себебі, әлемдік аренада көшбасшы саналатын елдердің басшылары мұндай саммитке қатысуы тиіс.

— Қытай өзін әлемдік көшбасшы елдердің бірі етіп көрсетуге тырысады, алайда басшының мұндай маңызды саммитке келмеуі өз ойынына қайшы. Бұл – Си Цзиньпиннің үлкен қателігі, — дейді Байден.

Қытай мен Ресей конференцияға өз делегацияларын жіберді, бірақ Си Цзиньпин де, Владимир Путин де саммитте бой көрсетпеген. Бұл туралы BBC агенттігі жазды. Кейінгі күндерде БҰҰ басшысы адамзат жаһандық таңдау алдында тұрғанын айтқан. Бұл климаттық мәселелер.

— Қытай мен Ресей атмосфераны қатты ластап жатқан елдердің қатарында бар. Бұл тізімге АҚШ, ЕО және Үндістанды қосуға болады. Бұл үлкен мәселе болған, алайда екі ел бой көрсетпеді. Көшбасшы ел болғылары келсе, саммитке қатысулары керек еді, — деді Байден.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.