Қазақстанда жаңа ипотека бағдарламасы құрылады
Поддержать

Қазақстанда жаңа ипотека бағдарламасы құрылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударғандар үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама құруды тапсырды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Үкіметке өңірлерді дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында моноқалаларды даму әлеуеті төмен өңірлер қатарынан шығаруды тапсырды.

Бұл азаматтарды мамандарға мұқтаж, болашағы зор, дамып келе жатқан қалаларға ерікті түрде қоныс аударуға ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқала тұрғындарының инженерлік кәсіптерде біліктілігі мен тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз, — деді Тоқаев Екібастұздағы кеңесте.

Тоқаев 2 мен 5 пайызға дейінгі жеңілдігі бар ипотека бағдарламасын құру керектігін айтты. Осы жағдайға қатысты Үкіметке әкімдіктермен бірігіп жұмыс істеуді тапсырды.

«Отбасы банк» жүйесінде мұндай тұрғындар үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейінгі жеңілдіктегі ипотека бағдарламасын көздеу керек. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп бұл бастаманы жан-жақты пысықтағаны жөн, — деді Президент.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.