Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды
Поддержать

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды. ҚР Энергетика министрі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрі және ҚР Ішкі істер министрі бензинді және дизельдік отынды экспорттау туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Құжатта бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынатыны айтылған.

— Жағармайларды және өндіруші ұсынған газ цистерналарында әкетуді қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек контейнерлерде әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады, — делінген құжатта.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияны экспортқа тыйым туралы хабардар етеді. Айта кетейік, құжат 21 қарашадан бастап күшіне енеді. Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда дизель отынын тұтынудың нормадан тыс өсуі тіркелгені туралы айтқан еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.