Түркістан облысында салынған жаңа дәретханалар жарамсыз болып шықты
Поддержать

Түркістан облысында салынған жаңа дәретханалар жарамсыз болып шықты

Түркістан облысында көше бойына салынған жаңа әжетханаларға қатысты жанжал шығып, олардың жарамсыз екені анықталды. КТК телеарнасының мәліметінше, жақында ғана жол бойында салынған заманауи модульдік әжетханалар жарамсыз болып қалған.

– Дәретхана істегеніне істеген-ау, бірақ дәрет шығаратын жері жоқ. Кіріп көрем, болмайды бұл. Былтыр есігі бар еді, қазір есігі де жоқ. Қарайтын адам жоқ. Қараусыз. Кім қарайды бұған? Үкімет қарамайды, басқа қарамайды. Бұл қарапайым халықтың есебінен салынған нәрсе. Дәрет сындырасың, арт жағына. Мынаның ішіне сындыра алмайсың ғой. Өзіңіз кіріп көріңіз, қалай екен, – дейді Келес ауданының тұрғыны Әлібек Құралов.

Жергілікті тұрғындардың пікірінше, билік үкіметтің ақшасын желге ұшырған. Шенеуніктер жол жиегіндегі дәретханаларды орнатқанда ең алдымен азаматтардың жайлылығын ойлағанын айтады. Сондай-ақ, шенеуніктер дәретхана қауіпсіздігін қадағалайтындарды міндетті түрде табамыз деп уәде берді.

– Қараусыз қалған әжетханалар бойынша тиісті ұсыныс хаттар жолданған. Ауыл округі әкімдері тарапынан, Келес ауданы әкімшілігі тарапынан және қазір «Қазавтожол» қоғамдастығының теңгеріміне өткізуге тиісті жұмыс жүргізілуде. Құжаттар рәсімделіп жатыр, – деді Келес ауданы ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шырынбек.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.