Министр миллионға жуық отбасының баспаналы болатынын айтты
Поддержать

Министр миллионға жуық отбасының баспаналы болатынын айтты

Қазақстанда 100 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

— Бүгінде құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын (оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру бойынша 2 420 кәсіпорын), 641 мың маман жұмыс істейді, — деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Спикер мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай 2025 жылға дейін 103 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланғанын атап өтті. 977 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

— Мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне 7 теңгеге дейін жеке инвестиция тартылады, — деп түйіндеді Атамқұлов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.