Қазақстанда банктер несие беруді шектеуді жоспарлап отыр
Поддержать

Қазақстанда банктер несие беруді шектеуді жоспарлап отыр

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты тәуекелі жоғары тұтыну кредиттері бойынша қосымша шектеулер енгізу қаралатын болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, халық пен бизнесті қолдау үшін ағымдағы жылдың 11 қаңтарында агенттік төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың несиелері бойынша төлемдерді кейінге шегеруді ұсыну туралы бұйрық қабылдады.

Ведомство басшысы банктерді пруденциалдық реттеу аясында жеке тұлғалардың тұтынушылық несиелері бойынша тәуекел-салмақты арттыру жолымен банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар артатынын айтты.

— Қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу қатаңдатылады, қарыз алушыда тұрақты кірістердің бар екендігін сенімді растауы жоқ кірістер есептен шығарылады. Тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты жоғары тәуекелді тұтыну кредиттері бойынша қосымша шектеулер енгізу де қаралатын болады, — деп түсіндірді ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.