вторник, 24 мая 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Зеленский назвал условие, без которого откажется встречаться с Путиным Информацию о блокировке активов российских банков опровергли в Казахстане АҚШ Тайваньды Қытайдан қорғауға дайын – Байден США готовы защищать Тайвань «военным путём» - Байден На Филиппинах во время пожара на судне погибли семь человек Елбасының еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды – Тоғжанов Ораз Жандосов будет консультировать министра Багдата Мусина Была ли слежка за казахстанцами: ответ МВД Олжас Сүлейменов партия құратынын мәлімдеді В Кызылординской области женщины требуют закрыть лото-клубы Льготное автокредитование: "Автомобили в наличии есть" «Путин – сүмелек»: Ресей агрессиясын айыптаған оқушы кешірім сұрады Дополнительных расходов для создания новых областей в Казахстане не будет- Минфин Украина ТМД елдерінің ерлігін есте сақтау туралы келісімнен шықты Иностранными банками заблокированы платежи в иностранной валюте на сумму Т9,2 млрд- глава АРРФР Число беженцев в мире превысило 100 млн Казахстанская компания прекратила поставки руды в Россию Падения деревьев и подтопления - результаты непогоды в Казахстане Почти Т232 млрд потратят на опреснительные заводы в Мангыстау Шымкенттік оқушыны әлемнің 34 университеті оқуға шақырды Установлена причина массовой гибели скота на Западе Казахстана Литва прекратила импорт российской электроэнергии Ақтауда ешкімді танымай қалған сарбаз үйіне қайтарылды В Нур-Султане арестован мужчина, домогавшийся девочки в автобусе Россияне продают казахстанский ИИН

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» басшысы мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін жазба жариялады. 

– Бүгінде ел басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында «Самұрық-Қазына» қорының қоғамда қызу талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндігі бар. Біз сындарлы ұсыныстарды реформалау бағдарламасының жобасына енгізу үшін бөлісуге дайын әрбір адаммен диалог жүргіземіз. Негізгі қағидалар ретінде ашықтық пен есеп беру, бизнеске кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықпен күрес айқындалған, – деді Сәтқалиев.

Сондай-ақ, ұлттық байлықты әділ бөлу ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін екенін айтты.

– Менің ойымша, ұлттық байлықты әділ бөлудің элементі ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін. Біз негізгі мәселелерді шешу үшін Қор компаниялары тобындағы бизнес-процестерді және корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергиясы және телекоммуникация нарықтарындағы қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараларды ұсынамыз. Бұл мәселелер 26 қаңтар, сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында бизнес қауымдастығымен талқыланады. Ұсыныстарыңызды usynys@sk.kz корпоративтік мекен-жайымызға жіберуге болады деп күтеміз, – деп жазды «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33