ҰҚК Ақмола облысында полиция қызметкерлерін ұстады
Поддержать

ҰҚК Ақмола облысында полиция қызметкерлерін ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында екі құқық қорғау қызметкерін ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстаған.

— Бұл адамдар өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар қаражат тәркіленді, — делінген хабарламада.

Ұсталғандарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-тармағының 2-бөлігі және 362-бабы 3-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін Павлодар облысында жоғары лауазымды полиция қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.