Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды
Поддержать

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

Руслан Желдібай Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

Фото: Primeminister.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.