Қазақстаннан шамамен 100 миллиард доллар шығарылған - Қуантыров
Поддержать

Қазақстаннан шамамен 100 миллиард доллар шығарылған — Қуантыров

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 жыл ішінде Қазақстаннан қанша ақша шығарылғанын айтты.

ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрінен президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанға қайтаруды жоспарлап отырған заңсыз шығарылған капиталдың сомасын атауды сұрады.

— Сомаларға келетін болсақ, бұл қай кезең екеніне байланысты. Негізінен, бірнеше ондаған миллиард доллар бар. Оларды қайтару туралы да түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз. Жаңа тәсілдермен қарастыратын болсақ салықтық және салықтық емес ынталандыру шаралары бар. Салық бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, ал салықтық емес бойынша да жақсылап қарауымыз керек, — деп жауап берді Қуантыров.

Министр капиталды қайтаруды ынталандыру бойынша басқа шаралар бар екенін айтты. Ол бұл шаралардың Салық кодексіне түзетулер жобасына енгізілгенін атап өтті.

— Егер біз, тікелей шетелдік инвестицияларды тартсақ, біздің көлеміміз 30 жыл ішінде 400 миллиард доллардан асады. Бұған дейін он миллиардтан аса қаражат шығарылған шығар, бірақ нақты соманы айту қиын. Мүмкін, шамамен 100 миллиард доллар болуы мүмкін, — деп жауап берді министр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.