Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды
Поддержать

Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды

Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды. Күдікті мемлекеттік қызметші соманың бір бөлігін берген кезде қолға түскен. Toyota Camry көлігінен 300 000 теңге тәркіледі.

Otyrar.kz мәліметінше, бопсалаудың құрбаны болған мемлекеттік қызметші полицияға жүгінген. Ол бірнеше адам өзін танымал блогерлер ретінде таныстырып, егер ол жарты миллион теңге төлемесе, әкімшілік ғимаратта жыртылған мемлекеттік туы бар бейнеролик таратамын деп қорқытқан.

Полиция бұл фактіні ҚР ҚК-нің 194-бабы «бопсалаушылық» бойынша тіркеген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: Sputnik




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.