- Exclusive
Поддержать

Мариупольдағы Азовсталь зауытында оқшауланған украиналық 36-шы теңіз бригадасының командирі Сергей Волынский Habertürk TV эфирінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жүгінді.

— Құрметті президент Режеп Тайып Ердоған мырза. Мен, Теңіз корпусының майоры Сергей Волынский өазір мен Мариуполь гарнизонында орналасқан және 65 күн бойы қоршалған 36-шы теңіз бригадасын басқарамын. Бізде әртүрлі дәрежедегі жарақаттары бар, көмекке мұқтаж 600 әскери қызметкер бар. Бізбен бірге жарақат алған бейбіт тұрғындар бар, олар да сізден көмек күтеді. Қазір мен түрік халқынан, құрметті президент мырзадан бізге көмектесуін, Мариуполь гарнизонын Түркия аумағына шығару үшін жағдай жасауды, түрік тарапынан қауіпсіздік кепілдіктерімен бізді Азовсталиден алып кетуді сұраймын. Біз сіздің көмегіңізге сенеміз, — деді Волынский.

Командир «Азовсталидегі» жағдай өте қиын екенін айтты. Әлі күнге дейін ұрыс тоқтамаған.

Фото: Reuters




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.