- Exclusive
Поддержать

WhatsApp қолданушылары арасында «Қазақстан орыс тілін ресми мәртебеден алып тастағысы келеді» деген хабарлама тарады.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бұл хабарламаны теріске шығарды. Ол Мәжіліс депутаттары Конституциядан орыс тілін мемлекеттік тілмен тең қолдану туралы бапты алып тастауды ұсынбағанын мәлімдеді. Депутат Facebook парақшасында оның сөздері контекстен үзіп алынғанын жеткізді.

— Бүгін интернет желілерінде мені Конституциядан орыс тілін алып тастауды ұсынды және оны 39 депутат қолдады деген ақпарат тарады. Негізі бұл сөздер менің сөздерім контексінен үзіп алынғанын хабарлаймын. Осы өткен сәрсенбіде мен депутаттық сауал жасағанда қазақ тілі мемлекетттік тіл ретінде Конституцияда бекітілгенмен, бірақ осы уақытқа дейін Мемлекеттік тіл туралы арнайы заң жоқ! Өйткені, Конституцияда көрсетілген мемлекеттік статустың өмірде іске асуы үшін арнайы заң қабылдануы керек еді. Сондықтан мен 2012 жылы “Ақ жол” партиясының мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру жөнінде заң жобасын жасағанын, оны Үкімет тоқтатып тастағанын еске салдым. Кезекті рет Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды ұсындық. Мемлекеттік тіл ретінде Конституцияда көрсетілген статус сонда ғана нақты өмірде іске асады, — деп жазды депутат.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екенін айтқан еді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.