- Exclusive
Поддержать

Қазақстанда қант экпортына уақытша тыйым салынады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

— Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 99 100) және шикі құрақ қантын (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 13, 1701 14) қант экспортына алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға көрсетілген шаралардың қолданылғаны туралы хабарлау тапсырылды. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.