- Exclusive
Поддержать

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды. Бұл туралы Антикор баспасөз қызметі хабарлады.

– Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді, — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Еске салайық, 16 мамырда Мұхамедиұлының үйі мен Ұлттық музейде тінту жүргізілді. Біраз уақыттан кейін экс-министр өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат пайда болды. Алайда оның баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды, ал Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жарияланды. Үндеуде экс-министр сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеудің басталғанын растады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.