- Exclusive
Поддержать

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар туралы пікірін білдірді. Назарбаев қаңтар оқиғасы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндіргенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тәртіпсіздіктер мен Қазақстанға жасалған шабуылдың мақсаты елді дүрліктіру және мемлекеттің тұтастығын бұзу болған.

– Қайғылы оқиға бәріміз үшін сабақ болды. Мұндай елді дүрліктіру және кісі өлтіруді ұйымдастырғандарың артында кім тұрғанын анықтау маңызды. Тергеу бұл сұраққа жауап алатынына сенімдімін. Тиісті құқық қорғау органдары бүкіл елде болып жатқан тәртіпсіздіктер туралы білмегенін немесе білгісі келмегенін анықтау қажет. Сол кезде мен үшін әр түрлі қауесеттер мен болжамдарға жауап берудің орнына, президентімізге толық қолдау көрсету маңызды болды. Мен оған елдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырдым. Дәл осы президенттің батыл іс-әрекеті оқиғаның ең нашар дамуының алдын алды, — деп атап өтті Назарбаев.

Назарбаев өзінің алдағы жоспарлары туралы да айтып берді. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ, түркі мемлекеттерінің ұйымы оны осы ұйымдардың құрметті төрағасы етіп сайлады. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселелеріне уақыт бөлуді жалғастырып жатқанын айтты.

– Жалпы, саясаткер отставкаға кеткеннен кейін не істейтіні маңызды емес деп санаймын. Саясаткерлер келеді және кетеді, ал халық пен ел қалады. Еліміздің бұдан әрі қалай дамитыны және алдымызда қандай өзгерістер күтіп тұрғаны маңызды, — деді ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.