- Exclusive
Поддержать

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобының концертінде болған жанжал туралы айтты.

Сенатор мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы заң баптарын барынша қатайтуды, айыппұлдың белгіленген мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін бес жылға дейін ұзартуды ұсынды.

– Мәдениет туралы заңға мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушының, жекелеген шығармашылық өкілдердің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін заң енгізу. Сондай-ақ, әншілерді әдепсіз сөздері, жұртшылықты құрметтемегені, есірткі мен алкогольді ішімдіктерді қолданғаны үшін сахнадан бес жылға шеттетуді ұсынамын, — деді Нұртөре Жүсіп.

Депутат Мәдениет және спорт министрлігі жанынан репертуарлық Алқа, республикалық және өңірлік көркемдік кеңестер құру қажет екенін айтты.

– Бұқаралық-мәдени іс-шараларды өткізу талабына халықтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтау және құрметтеу ережелерін енгізуді талап етеміз. Осы талаптарды бұзған шығармашылық ұйымдардың қызметін бес жылға дейін шектеңіз, — деді Нұртөре Жүсіп.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.