- Exclusive
Поддержать

Нью-Делидегі Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаев бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара ҚР премьер–министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың, Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті.

– Абай ұлы ақын ғана емес, данышпан ойшыл, көрнекті ағартушы. Ол адамдарды ғылымды игеруге, инновация мен жасампаздықты дәріптеуге шақырды. Абайдың мұрасы тек біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін үлкен құндылық болып табылады, — деді Бақыт Сұлтанов.

Қазақстан өкілі Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.