- Exclusive
Поддержать

Қазақстан президенті ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рауды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Збигнев Рауға ілтипат білдіре отырып, Қазақстанның Польшамен және осы Ұйыммен арадағы ынтымақтастықты нығайту үшін оның бұл сапарының маңызы зор екенін айтты.

Сондай-ақ, Тоқаев жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтып, ЕҚЫҰ-ның осы маңызды шараға баға беру үшін өз Миссиясын жіберу жөніндегі шешімін қолдады.

– Референдум – еліміздегі маңызды саяси өзгерістер үдерісінің бастамасы. Қазақстанда демократияны ілгерілету жұмыстары үздіксіз жалғаса береді, – деді Тоқаев.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы референдум туралы пікір білдірді.

– Менің бағалауым бойынша, алдағы референдум Конституцияға өзгерістер енгізу, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және нарықтық реформаларды ілгерілету жөніндегі Сіздің күш-жігеріңіз тұрғысынан үлкен серпіліс саналады. Алдағы референдум – оң өзгерістерге жол ашатын саяси ерік-жігердің айрықша белгісі. Сіздің еліңіздегі конституциялық реформалар демократия, бостандық және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өткім келеді, – деді Рау.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.