среда, 19 января 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
ЕНПФ вышел из числа акционеров Halyk Bank Холдинг «Байтерек» неэффективно использовал 99 млрд тенге - СК Геополитическая ситуация влияет на валютные торги - эксперты Компания Huawei Watch GT 3 презентовала новые часы Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырды Кого назначили министром обороны РК и главнокомандующим Нацгвардией? В Казахстане создана петиция с требованием лишить Назарбаева неприкосновенности Назарбаев пен оның отбасына берілген артықшылықтар Особняки, драки и грузоперевозки: как живет зять Карима Масимова – СМИ Эрдоган пригласил в Турцию Путина и Зеленского Инвалиды Казахстана получат возможность стать депутатами парламента - Мажилис После критики Токаева фонд «Самрук-Казына» будет раскрывать банковскую тайну Алматыда кейбір көшелер уақытша жабылды В Алматы перекрыли улицы в центре города из-за антитеррористической операции Тоқаевтың тапсырмасымен «ӨКМ Операторы» ақша жинау құқығынан айырылды Активы по утильсбору ТОО «Оператор РОП» переданы государству Автомобильный рынок в Казахстане: количество сокращается, цены растут Елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды ұйым мүшелері қатысты - Қарин Правительство страны стареет: средний возраст министров составил почти 49 лет Рынок пережил стресс из-за геополитики - эксперты Шопоголия. Как у Алии Назарбаевой «пропали» миллионы долларов – СМИ В Казахстане отменили режим чрезвычайного положения Лаңкестер, саяси элита, реформа. Назарбаев халыққа үндеуінде не айтты? В Алматы сохранён "красный" уровень террористической опасности Появилось видеообращение экс-президента Нурсултана Назарбаева после январских событий

Мұнайдың игілігін шағын және орта бизнес көруде: Теңізшевройл тәжірибесі

Елордалық компаниялар «Теңізшевройл» ЖШС-мен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл тек абырой ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Мұнай саласындағы халықаралық көшбасшымен жұмыс істеу кез келген кәсіпорын мақсаттарының батылдығын арттырады. Бұл тұрақты жұмыс орындарын да, қызметкерлер біліктілігінің үнемі артуын да қамтамасыз етеді. Ең бастысы, әрі қарай қай бағытта және қалай өсу керектігін түсіну пайда болады.

Әубәкіров Айдос, «ТК Алмалы» ЖШС материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

– «ТК Алмалы» ЖШС қызметінің негізгі бағыты – теміржол тасымалы саласында қызмет көрсету – атап айтқанда, көлік арқылы жүк жөнелту қызметі. Сонымен қатар, біздің компания вагондарды жалға береді. Компания менеджмент және сапа жүйесінің ISO 19011-2018 стандарттарына жауап береді. Жыл сайын Intertek Certification Limited (Ұлыбритания) сертификаттау органы компанияның жүк тасымалы және жөнелту және жүк вагондарын жалға беру қызметі саласына аудит жүргізеді. Бұл біздің ұйымның басты артықшылықтарының бірі, өйткені бәсекелес компаниялар арасында мұндай сертификатқа ие компаниялар аз.

Компанияның меншікті жылжымалы көлік паркі, ұзақ мерзімді серіктестік қалыптасқан серіктестер базасы бар. Қаржы институттары бізді сенімді кәсіпкер ретінде таниды.

«Алмалы ТК» ЖШС нарыққа 2007 жылы шықты. Сол кездің өзінде кәсіпорын иелігінде 100 цистерна мөлшерінде жылжымалы құрамы болатын және мұнай өнімдері мен мазутты тасымалдауды ұйымдастыруға қатысатын. Серіктестердің бірі Gulfport Shipping Inc. және «Премиум Ойл Транс» ЖШС болды. Нарықта өзін сенімді экспедитор ретінде таныта білген компания «Сине Мидас Строй» БК» ЖШС, Sino-Bridge International Transportation Co. LTD, «Премиум Ойл Транс» ЖШС, «Теңізшевройл», «Gulfport Shipping Inc. секілді компанияларға экспедиторлық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылар базасын кеңейтті. Қызмет көрсету аясын кеңейтудегі табысты жұмыс арқасында компания 2014 жылдан бастап жылжымалы құрамды 320 бірлікке дейін ұлғайтты.

«Қазақстанның ірі жүк жөнелтушілерінің бірі – «Теңізшевройл» ЖШС ұзақ жылдар бойы компанияның негізгі серіктесі болып келеді. 2007 жылы басталған ынтымақтастығымыз Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар шетелдегі, атап айтқанда Ресей, Украина, Беларусь және Литва елдеріндегі басқа компанияларға бізбен жұмыс істеу мүмкін және қажет екендігін көрсетті.

«Теңізшевройл» ЖШС-мен серіктестік компанияға қызметінің ең басында теміржол қызметтері нарығында мұнай мен мұнай өнімдерін республика ішінде тасымалдауда өзін сенімді экспедитор және тиімді серіктес ретінде көрсетуге мүмкіндік берді», – дейді Айдос Әубәкіров.

Болашақта компания қызмет көрсету аясын кеңейтіп, серіктестіктік байланыстар орнатуды үдету арқылы өз әлеуетін халықаралық деңгейге дейін дамытуды көздейді. Бүгінгі таңда меншікті вагондар паркін ұлғайту және соның нәтижесінде темір жол тасымалы саласында жаңа қызмет түрлерін енгізу әлеуеті зерттелуде.

Енді компания әлеуметтік жобаларды да қолдай алады. Оның үстіне «Теңізшевройл» ЖШС серіктестерінен, егер компанияның мүмкіндігі болса, әлеуметтік қолдау көрсетуді үнемі сұрап отырады. Солардың қатарында – «Ана алақаны» қоғамдық қорының «Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Нұрлы жүрек» ХҚО» КММ, Қарағанды ​​қаласындағы «Құлыншақ» балалар үйі» ММ, Нұр-Сұлтан қаласының «№19 орта мектеп» КММ тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  қаржылық қолдау көрсету бар..

Қызметкерлердің біліктілігін халықаралық стандарттарға дейін арттыру

«Ecology Business Consulting» ЖШС – 2003 жылы құрылған қазақстандық консалтингтік компания. Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі – экологиялық жобалау, реттеу және экологиялық аудит, қоршаған орта мониторингі, парниктік газдарды валидациялау және верификациялау және т.б.

Компания тиімді әрі сан қырлы жұмыстарды жүргізеді және бүкіл Қазақстан бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Тапсырыс берушілері: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ұлы қабырға» ҚҚБК» ЖШС, «ҚМК Мұнай» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС.

 

Қазақстандық нарықта компания 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияда үлкен жұмыс тәжірибесі бар 30 білікті маман жұмыс істейді. Мамандандырылған кәсіби курстарда оқу, семинарларға қатысу арқылы олар біліктіліктерін үнемі арттырып отырады.

«Ecology Business Consulting» ЖШС-нің меншікті жылжымалы және стационарлық аккредиттелген зертханалары бар. Барлық сынақтар жоғары әдістемелік деңгейде жүзеге асырылады. Сынақ орталығының материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған және үнемі толықтырылып отырады.

«Ecology Business Consulting» ЖШС компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС-мен 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. ТШО-ның өндірістік нысандарында орындалатын жұмыстар: жұмыс орындары мен ТШО нысандарында өндірістік ортаның химиялық және физикалық факторларының мониторингі, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау.

«Теңізшевройл» ЖШС-мен ынтымақтастық біздің кәсіпорынның қызметіне игі әсерін тигізді. Атап айтқанда, қызметкерлер арасында қауіпсіздік техникасы мәдениеті артты, жұмысты жүйелі және тәртіпті жүргізу көзқарасы қалыптасты, тұрақты оқыту мен біліктілікті арттыру есебінен қызметкерлер компетентті бола түсті», – деп атап өтті «Ecology Business Consulting» ЖШС директоры Жан Мұратбеков.

Компанияның барлық мамандары қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту курстарын аяқтады.Еңбек процесінде қайғылы оқиғаларды мүлдем болдырмау және өндірістік нысандарда орындалатын жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында компанияның барлық қызметкерлері халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орындарын ашу

«Теңізшевройл» ЖШС серіктестерінің арасында әлеуметтік кәсіпкер де бар. Бұл – тігін, полиграфиялық өндіріспен, мемлекеттік рәміздерді дайындаумен айналысатын «Заман» мүгедектер қоғамы» ЖШС.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру – кәсіпорынның міндеттерінің бірі, соның арқасында қазіргі уақытта мұнда 15 қызметкер жұмыс істейді.

Қызметкерлер арасында түрлі аурулар салдарынан алған бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар бар. Негізінен, бұл инфаркт пен инсульт алған адамдар, сондай-ақ есту қабілеті нашар мүгедектер және т.б.

«Заман» ЖШС көптеген бюджеттік, мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен жұмыс істейді. Мысалы, оның қызметкерлері түрлі бланкілер дайындайды, униформалар тігеді, елтаңбалар дайындауға берілген тапсырыстарды орындайды.

«Заман» ЖШС 2014 жылы құрылған және «Теңізшевройл» ЖШС-мен басынан бастап жұмыс істеп келеді.

«Біз ТШО-мен бұрын да жұмыс істедік, ол кезде біздің кәсіпорынымыз басқа – «Қазмедсервис плюс» болды. 2014 жылы осы «Заман» атты мекемені аштық. ТШО-мен ынтымақтастық жалғасып, жұмысшылар бұрынғыдай қалды», – дейді «Заман» мүгедектер қоғамы» ЖШС директоры Виктор Шебуняев.

Виктор Михайловичтің өзі 2001 жылдан бастап екінші топ мүгедегі болып саналады, басынан үш инфаркт өткен. Кәсіпорын жұмысының басында тұрған әріптестері де мүгедектер.

Оның айтуынша, «Теңізшевройл» ЖШС көшеден жай ғана кіре салатын ұйым емес.

«ТШО өкілдері бізге екі рет келіп, өндірісімізді қарап, тексерді. ТШО-мен ынтымақтастық шағын тапсырыстардан басталып, кейін айтарлықтай көлемдерге жетті.

Бүгінде біз ТШО үшін тұрақты түрде аса мықты, тозуға төзімді материалдан желбағарлар(флюгер), дайындаймыз. Сондай-ақ компания нысандарында желбағарлар орнату үшін бұрылмалы механизмі бар жүзге жуық болат діңгек дайындап, жеткіздік. ТШО-мен бірге жұмыс істеген жеті жыл ішінде 41 келісімшарт орындалды. Шарт бойынша барлық міндеттемелер мерзімінен бұрын, адал және сапалы орындалды», – дейді Виктор Михайлович.

Компанияның артықшылығы – ол өнімді заманауи жабдықпен өндіреді, қызметкерлерді өндірістің озық әдістеріне үнемі үйретеді және шығарылатын өнімді сертификаттайды.

Болашақта «Заман» мүгедектер қоғамы» ЖШС өзінің тігін және полиграфиялық өндірісін кеңейтуді, яғни мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Дегенмен, көп нәрсе, расында, жұмыс көлеміне және кәсіпорынның тендерді жеңіп алуына байланысты.

ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығындары және олардың облыстар бойынша әсері

IHS Markit – халықаралық талдау агенттігі жақында зерттеу жүргізіп, мұнай-газ саласынан қандай аймақтар пайда көретінін анықтады. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанымен, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстары бойынша бөлінген. Мәселен, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы құны 137 миллион АҚШ доллары болатын тапсырыс қабылдап, облысымызда 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашып отыр. Жоғарыдағы суретте сату белсенділігімен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен және жұмыс орындарымен өлшенетін жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының әртүрлі облыстарға/өңірлерге әсері көрсетілген. Ынталандырылған сатудың жалпы көлемі – бұл ТШО-ның жергілікті нарықтағы тікелей шығындарының және кез келген кейінгі жанама және индукцияланған іс-шаралардың сомасы. Белгілі бір облыс үшін ынталандырылған белсенділіктің жалпы көлемі жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының шамамен екі еселенген мөлшерін құрайды. Кеңейтілген жабдықтау тізбегі бірнеше облыстың шекарасын кесіп өтуі мүмкін болғандықтан, ТШО бір облыста тікелей сатып алуды жүзеге асырса, оның әсері жабдықтау тізбегі бойындағы басқа облыстың белсенділігін арттыруы мүмкін.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33