суббота, 22 января 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Глава МИД рассказал о январских событиях на заседании в ОБСЕ Казахстанцы могут сообщать о завышенных ценах на продукты - эксперты Колебания в нефти привели к снижению тенге Тоқаев: Еліміздегі білім жүйесін өзгерткім келеді Айдос Сарым: Решение Европейского Парламента является элементом политической игры Страховые компании Казахстана упростили рассмотрение страховых случаев О чем говорил Токаев на встрече с бизнесменами? Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды - Тоқаев АО «Ак Алтыналмас» повышает заработные платы сотрудникам Кенес Ракишев и Асель Тасмагамбетова перечислят Т1 млрд в фонд «Қазақстан халқына» Генпрокуратура опубликовала номера дежурных прокуроров для жалоб казахстанцев Открыт прием заявок для бизнесменов Казахстана на возмещение ущерба - НПП «Росатом» Қырғызстанда АЭС салады МИД отреагировал на заявление Европарламента с критикой в адрес властей Казахстана Франция Әблязовқа тағылған айыпты алып тастауға шақырды Европарламент призвал расследовать события в Казахстане и ввести санкции Юристы Казахстана выдвинули требования президенту Токаеву Известный марафонец выиграл иск по делу о «защите чести и достоинства» первого президента Казахстана Европарламент призвал к международному расследованию событий в Казахстане, призывая наказать чиновников Активисты группы #НЕТУТИЛЬСБОРУ требуют проверки на наличие коррупционной составляющей АО «Жасыл Даму» Сауд Арабиясында рекордтық суық тіркелді Скончался Толеубек Аралбай - заслуженный артист Казахстана Мәсімовтың туысы лауазымды қызметінен босатылды В Алматы полицейские обнаружили тайные захоронения боевиков В Казахстане приходится всего 38 военных на 10000 человек

Маңғыстаудан басталған толқуларға кім жауапты?   

2022 жылдың алғашқы күндерінен бастап бүкіл елдің назары Маңғыстауға ауды. Бұнда орын алған наразылық шаралары күннен күнге үдеп кешеден бері еліміздің бірталай қалаларына таралды. Ереуілшілер мен күштік орындар арасында қақтығыстар байқалды.

Себеп неде, арты не болмақ? 

Жаңаөзен мен Ақтауда, аймақтың басқа да елдімекендерінде Интернет бұғатталан. Десе де не болып жатқаны жайлы ақпаратты шектеуден гөрі аталған амалдар түрлі қауесеттерді үдетіп отыр. Шын мәнісінде істің жай-жапсарын ұғынып, себеп-салдарына үңілу үшін осындайда расталған мағлұматтарды керісінше мүмкіндігінше кең көлемде берген қажет. Бұл уақыт өткен сайын Батыс демократияларында болып тұратын митингілер мен шерулерде өзін талай мәрте ақтаған  тәжірибе. Айналып келгенде ақпарат тапшылығының орнын басатын алып-қашпа әңгімелер әпсәтте арандатуға ұрындыратынын назарда ұстаған абзал. Сонда кінә кімнен болмақ?

Маңғыстаудағы толқуларға түрткі болған газ бағасына келгенде де дәп сол мәселе. Жергілікті көліктердің басым бөлігі көгілдір отынмен жүретіні және оның құны аса сезімтал шаруа екендігі талай жылдан бері белгілі. Соған қарамастан мектеп оқушысы жасамайтын қателікке жол беріп, осы өнімнің бағасын екі есеге дерлік көтерген шенділер нені ойлады, кімнің мүддесін қорғады? Тіпті жаңа баға нарықтық талаптарға сай келгеннің өзінде алдынала ол жайында құлақтандыру мен түсіндіру шаралары неліктен қолға алынбады? Ал енді Үкімет бір күннің ішінде газдың құнын 115-тен 50 теңгеге төмендетсе, демек, ахуалды ушықтырмай да шешуге болар еді ғой. 

Аталған түйткілмен қатарласып тұрған тағы бір мәселе – Маңғыстаудағы газдың арзан болуынан көршілес облыстарға ауып кететіні. Біріншіден, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда – барлығы мұнай мен газ өндіруші өңірлер болып табылатыны мәлім. Олай болса етіксіз етікші секілді ондағы газдың бағасы неліктен әркелкі? Кім қандай баға қойғысы келсе, сонысы болады деген сөз бе? Ендеше реттеуші мемлекеттік мекемелер алып-сатар дөкейлерге сөзін жүргізе алмай отырғаны ма? Екіншіден, жаңағыдай бағалардың айырмашылығы болған күннің өзінде оны уақытша болса да ұстап тұрудың сауатты тәсілдері неліктен қолданылмауда? Мәселен, жекелеген сатып алушы неғұрлым үлкен көлемде газ алса, соғұрлым бағаның көтерме болуы арқылы. Ал түптеп келгенде мұнайлы өлкелерде тиісті газ өңдеу кешендерін жылдар емес, онжылдықтар бойында салмай келгендік иә сол газды шетелге сатып өзімізге келгенде үнемшілдікке салынғандық халық кінәсі емес. Тисініше бүгінгі наразылықтың себебін әріден, атап айтқанда олигархиялық ашкөз экономикалық жүйеден, қоғамның мүддесімен санаспайтын шенділерден іздеу керек.  

Белгілі дәрежеде Маңғыстаудағы ахуалға осыдан он жыл бұрынғы Жаңаөзен қасіретінің себеп-салдары толықтай ашылмағаны, одан сабақтардың алынбағаны алып келді. Әйтпесе жергілікті компаниялар бұрынғыша тек қарабастың қамын ойламаса, әкімшілік орын алған былықтарға көз жұмбай қоғам белсенділерінің жанайқайына құлақ асса болар ма еді осы шиеленіс? 

Қазір жергілікті белсенділер Ақтауға кіріп-шығатын негізгі жолдарды жапқан. Оған себеп - кешелі-бері жергілікті әуежайға келіп қонған ұшақтар күштік құрылымдардың өкілдерін әкеліпті деген ақпараттың тарауы. Осындан он жыл бұрын сырттан әкелінген әскерилердің нендей ойран салғанын ұмыта қоймаған жұрт түрлі келеңсіздіктің алдын осылайша алмақ. Өз алдына көліктер үшін жолдардың жабылғаны, жолаушылар қалаға немесе қаладан тек жаяу кіріп-шығуы бірталай ыңғайсыздықтар тудыруда. Десе де көпшілік мәжбүрлі шектеулерге түсіністік танытуда. Қайта ереуілге қатысу үшін жаяулатқан мұнайшылардың легі Ақтау мен Жаңаөзенді бетке алған.    

Әзірше жағдайды ретке келтіру мақсатында Үкіметтің комиссиясы құрылды. Облыс әкіміне қоса орталық билік өкілдері Маңғыстауға ат басын бұрды. Олар алаңға жиналған елмен келіссөзге түсіп, газдың бағасын төмендету жайында уәделерін беріп жатыр. Бұның өзі бұрындары көбіне күштеу амалдарына басымдық берген саясаттың халықтың жағына шыға бастағанын көрсетсе керек. Әрине, газ айналасындағы даудамайдың тарқатылауымен наразылық басылып жатса игі. Алайда ұзақ мерзім бойында қордаланып, пандемия мен қуаңшылық кезінде шыңырау шегіне жеткен қымбатшылық, жұмыссыздық, жемқорлық, әлеуметтік теңсіздік, басқа проблемалар ә дегеннен шешіле салмасы анық. Табандылық пен біраузыдылық танытқан, сөз емес іс жүзіндегі өзгерістерді талап етуші халайықтың шыдамы мен сенімі қашанға дейін жетер екен?  

Өз алдына Маңғыстаудағы ахуалды, оның ішінде газ бағасын түзетумен мәселенің шешілмесі тағы бар. Басқа өңірлердегі әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдай мәз емес, ондағы жұртшылықтың өкпесі қара қазандай екендігі баршаға аян. Екі ортада Қазақ еліндегі ішкі түйткілдерді арам пиғылды топтар мен сырт күштер пайлаланып қалғысы келетіні де жасырын емес. 

Сондықтан түйткілдің мейлінше өркениетті жолмен тез арада шешілгенін қалаймыз. Алайда ол үшін үйреншікті үстіртін шаралар мен косметикалық кадрлық ауыс-түйістер жарамсыз. Күрделі де кешенді проблемалар батыл шешімдерді талап етеді. Осындай бағыт-бағдар нақты қолға алынса қоғам да түсіністік пен қолдау танытары сөзсіз. Ал бастысы – ереуілге шыққандарды жау көрмей, әлдебіреудің айдап салуымен бой көтерді деп санамай, елдің мұң-мұқтажына құлақ асып, тілегенін беру керек. Айналып келгенде жауапты биліктің басты міндеті осыда.

Оставить комментарий

Политика

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33